USDUSD: 511.7 / 514.1
  • EUREUR: 582.0 / 587.0
  • RUBRUB: 6.07 / 6.19
Тікелей эфир
Алматы +21C
Все города

Енді интернет дүкендері бар кәсіпкерлер түгел тексеріледі

Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock
Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жалпыға бірдей декларация тапсыру керек болады.

Енді интернет дүкендері барлардың да кірісі тексеріледі, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Демек, кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банктегі жеке шоттары мен салық төлеген не төлемегені жіті назарға алынады. Ал табысын жасырып немесе есепті кезең үшін салығын дұрыс төлемегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Бұл көйлектің бағасы 10 мың теңге, алам деушілер болса көрсетілген нөмірге төлем жасап, чекті ватсапқа жібересіз. Міне, енді дәл осылай интернет арқылы онлайн дүкен ашып, ақша тауып отырғандардың кірісі жіті тексеріледі. Сонымен қатар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жалпыға бірдей декларация тапсыру керек болады. 

"Ағымдағы жылы дара кәсіпкерлерді қоса алғанда 80 000 жеке тұлғаға бақылау хабарламалары жіберіліп үлгерді. Салық кодексінің 24-бабы, 19-тармағына сәйкес салық органдары, екінші деңгейдегі банктерден жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғаларға қатысты дербес шотына төлем және мобильді төлемдер арқылы түскен қаражаттар туралы ақпарат алады", – делінген ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.  

Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйғарымымен кәсіпкер Дана Ахмедова келіседі. Ол екі жыл бұрын интернет арқылы әйелдерге арналған әшекей бұйымдар мен киім-кешек сата бастаған. Кейін бұл ісі ілгерілеп, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қатарына еніпті. Содан бері міндеттелген декларацияны тапсырып, салықты да төлеп жүрмін дейді. 

Оның ойынша, бұл әрбір бизнес иесінің міндеті. 

"Бұл менің ойымша енді жақын арада блогерлердің арасында шу болды ғой, соған байланысты бізге де енгізіліп жатыр деп ойлаймын. Ол жерде 2022-2023 жылдар есептелмейді, яғни, 2024 жылғы ақпан айынан бастап салық түрлері есептеледі деп естідім. Негізі өз басым дұрыс деп есептеймін", – дейді кәсіпкер Дана Ахмедова.       

Мамандар хабарламаны алған кәсіпкерлер 30 жұмыс күні ішінде не салығын толық төлеуге, не мән-жайды түсіндіруге тиіс деп отыр. Ал онымен келіспесе, азаматтың шоттары түгел бұғатталады.

Серіктестер жаңалықтары