Сондай-ақ, үкімет құзыретіне кіретін лауазымдарды тағайындауға арналған петиция да қаралмайды, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Сенат депутаттары осыған байланысты «қоғамдық бақылау туралы» және «еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» заңдарын бірінші оқылымда мақұлдады. Мұнда петиция беруге тыйым салынған 17 пункт бар.
Одан бөлек құжатта ұжымдық өтінішті қолдаушылар санының шекті мәні жазылған. Мәселен аудандық деңгейдегі петицияны қолдаушылар саны екі жарым мыңнан кем болмауы тиіс. Ал облыстық және республикалық деңгейде 5-50 мың қолдаушысы болмаса, өтініш қаралмайды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда петиция беруге арналған ресми сайт ашылады. Оның талаптары қандай?
"Президент, қос палаталы парламент және үкіметтің құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаларды тағайындау мен орындарынан алу мәселелері қаралмайды. Өйткені, ол конституциялық, сайлау және референдум туралы заңдармен қарастырылады. Одан бөлек адамдардың құқығы мен бостандықтарына нұқсан келтіретін жағдайларды петиция арқылы талап етуге болмайды", – деді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров.