USD: 474.9 / 477.9
  • EUR: 543.0 / 548.0
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +16C
Все города

Енді банкоматтан қолма-қол ақша шешкен азаматтардың бет-әлпеті архивте сақталады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Енді әрбір клиент 6 ай сақталады.

Қазақстанда банкомат арқылы қолма-қол ақша алған азаматтардың бейнежазбалары кемінде 6 ай бойы сақталатын болады. Бұл талап 2026 жылдан бастап күшіне енеді. Мұндай шешім қаржылық алаяқтықтың алдын алу және күмәнді операцияларды анықтау мақсатында қабылданды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, бұдан былай банкомат камераларына түскен әрбір азаматтың бейнесі 180 күн бойы банк мұрағатында сақталады. Бұған дейін мұндай талап бірыңғай болмаған — кейбір банктер жазбаларды 30 күннен кейін өшірсе, басқалары 5–6 айға дейін сақтаған.

Сонымен қатар, ірі сомадағы операцияларға да жаңа талаптар енгізіледі. Атап айтқанда, банкомат арқылы 500 мың теңгеден асатын қаражатты картаға салу кезінде міндетті түрде жіберушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетілуге тиіс.

Болашақта банкоматтарға биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Яғни, азаматтар ақша шешу кезінде бет-әлпетін сканерлеуі немесе саусақ ізін тапсыруы мүмкін. Бұл шаралар алаяқтық, жалған тұлғаларды пайдалану және заңсыз қаржы айналымының алдын алуға бағытталған.

Ұлттық банктің дерегінше, қазақстандықтар жылына 216 миллион рет банкомат қолданып, жалпы 25 триллион теңге көлемінде қолма-қол ақша алған. Жаңа талаптар осы операциялардың ашықтығын арттыруды көздейді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау