Енді әскердегі жақындарыңызбен мобильді қосымша арқылы сөйлесе аласыз

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Бұдан былай жауынгерлер әскери прокуратураға тікелей жүгіне алады.

Енді ата-аналар отан алдындағы борышын өтеп жүрген баласымен нақты уақыт режимінде байланыс орната алады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Демек, қорғаныс министрлігі әзірлеген Armia.kz мобильді қосымшасы кез келген уақытта сарбаздың командирі не тәрбиешісімен сөйлесуге мүмкіндік береді. Сервис жылдың соңына дейін іске қосылады деді ведомство өкілдері. 

Пайымдарынша, жаңашылдық әскери қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етпек. Демек, ата-ана әскердегі ұлының медициналық тексеруден өтуін, дұрыс тамақтануын қадағалап, қатардағы жауынгердің қызмет атқару шарттарын да бақылап отырады. Әрі, қауіпсіздік шараларын күшейту үшін тәуліктік нарядқа түскен сарбаздар бейнежетонмен қамтылмақ. Бастысы, бұдан былай жауынгерлер әскери прокуратураға тікелей жүгіне алады. Ол үшін әскери бөлімдерге электрондық терминалдар орнатылғалы жатыр. Яғни, кез келген оқыс оқиғаға дер кезінде көңіл бөлуге мүмкіншілік тумақ. 

"Кредиттік демалыс" тұрақты табысы жоқ сарбаздардың борыштық жүктемесін мейлінше азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз қазір мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге несие беруді шектеу туралы бастама көтеріп отырмыз. Мәселе мүдделі мемлекеттік органдармен белсенді түрде талқыланып жатыр", – деді бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз