Көлігіне таңдаған нөмірін таққысы келген қазақстандықтар автоцондарға ағылды. Өйткені жүргізушілердің көбі өзінің туған күнімен, жылымен, тіпті анасының атымен байланыстыруға болатын мемлекеттік нөмірлерді бар-жоғы 43 мың теңгеден алу үшін асыққан. Оның үстіне, әдемі әріптер тізбегі таусылып қалса өзгертуге тура келеді. Сондықтан қалаған нөміріне қол жеткізгісі келгендер күні ұзаққа иық тірескен кезекке тұрды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Енді қазақстандықтар көлігінің мемлекеттік нөміріндегі әріп пен санды өзі таңдай алады. Елдің еркімен құрастырған нөмірлердің құны 43 мың теңгеден басталады. Бірақ нөмір бос болуы шарт. Содан болар биылғы алғашқы жұмыс күні-ақ автоцондар адамға лық толды.
Нөмір таңдағандардың көбі үш әріпті есімімен, сандарды туған күнімен байланыстырып жатыр. Қалаған нөмірге өтінішті онлайн да беруге болады. Алайда жүргізушілердің айтуынша, сайттың жұмысы бүгін тежеліп тұр. Сондықтан да автоцонға ағылып жатырмыз дейді. Әзірге әдемі нөмірге жаппай өтініш қабылдау жүріп жатыр.
"Бұл ретте кез келген қажет әріптік және цифрлық белгілері бар МТНБ құны 10 АЕК және 15 АЕК мөлшерінде болады. Жекеленген баж салықтары көзделген жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда. Баға саны мен әріп тізбегіне қарай қымбаттай береді. Мәселен, 010, 020 деген сандарға 246 жарым мың, әріптері бірдей болса 493 мың теңгеге бағаланады. Ал 100,111, 200 деп басталатын нөмірлер үшін 592 мың, ал әріптері бірдейіне 838 мың теңге, 001,777 деген әдемі комбинация қаласаңыз 985 мың, әріптерін бірдей қылсаңыз 1 миллион 200 мың теңге төлеуге тура келеді. Ал ештеңе таңдамай, автоцон ұсынғанды алсаңыз ол 12 мың теңге тұрады", – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Арай Төлегенқызы.
USD:
511.5 / 514.9
EUR:
594.5 / 599.5
RUB:
6.23 / 6.43