Енді 14 жасқа толған жасөспірімдер жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, бизнеспен айналыса алады

Фото: Shutterstock/Fotodom
Фото: Shutterstock/Fotodom
Жеке кәсіпкер болу үшін ата-ана келісімі қажет.

Қазақстанда 14 жасқа толған жасөспірімдерге жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, бизнеспен айналысуға мүмкіндік бар. Бұл норма Кәсіпкерлік кодекс аясында қарастырылған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Заңға сәйкес, 14 жастан асқан ұл-қыздар екінші деңгейлі банктер немесе e-Salyq Business қосымшасы арқылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеле алады. Алайда бұл үшін міндетті түрде ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі қажет.

Егер мұндай келісім болмаса, жасөспірімге қорғаншылық және қамқоршылық органының рұқсаты немесе оны толық әрекетке қабілетті деп тану туралы сот шешімі талап етіледі.

Мамандардың айтуынша, бұл мүмкіндік жастардың ерте жастан кәсіпкерлікке араласуына жол ашады. Дегенмен қоғамда бұл бастамаға қатысты пікір әртүрлі: біреулер оны қолдаса, енді бірі кәмелетке толмағандардың бизнеске араласуына күмәнмен қарайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз