Орталық директоры қазіргі таңда ең жоғары сұранысқа ие 5 мамандықты атады.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметінше, жыл сайын орта есеппен 70 мыңнан астам түлек жұмыспен қамтылмай қалады. Жұмысқа орналасқан түлектердің 40,1%-ы мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Ал жоғары білімі бар жас жұмыссыздардың 23%-ы біліктілікті қажет етпейтін жұмысқа орналасқан. Осы орайда, "ЕРДО" АҚ директоры Александра Молчановская бүгінгі таңда сұранысқа ие мамандықтарды атады.
"Осы күнге дейін кадр даярлау орталықтары мен сұранысқа ие мамандықтар нарығымен арада тығыз байланыс болуы керегі туралы сан рет айтылды. Жақсы маман болудың бір кілті – өмір бойы білім алуға құштар болу. Сондай-ақ, мамандық таңдар кезде мұқият болу қажет. Өйткені, дәл қазір елдегі әрбір төртінші оқушы мамандықты ата-анасының қалауына сәйкес таңдайды. Ал ата-аналар еңбек нарығындағы тенденцияны біле бермейді. Олар баласына заңгер, экономист деген мамандықты таңдап беріп, кейін тұрақты жұмыста отырғанын қалайды. Екінші жағынан осы екі маман иелері жоғары жалақы алады деп ойлайды. Осының әсерінен бізде гуманитарлық саланы таңдайтындар саны өте көп. Жыл сайын нақты ғылымдарға бөлінетін грант саны артса да, жастар оған барғысы келмейді", – деп түсіндірді Александра Молчановская.
Осы орайда маман Германия сияқты шетелдерде баланы өзіне сай мамандық таңдауға балабақшадан бастап баулитынын мысалға алды. Мұнымен қатар, ол алдағы 5 жылда қызметкерлерден талап етілетін негізгі қабілеттердің 40%-ы өзгеретініне тоқталды.
"Дәл қазір бізге аса қажет бес мамандық бар. Яғни елде оларға сұраныс артып отыр. Бұл – инженер, өнеркәсіптік және азаматтық нысандар құрылысы технигі, механик, техник, учаске шебері", – деп қосты орталық директоры Александра Молчановская.
Орталық зерттеуіне сәйкес, 2020 жылы ЖОО түлектерінің 72%-ы жəне колледж түлектерінің 50%-ы гуманитарлық жəне əлеуметтік ғылымдар, медицина, білім беру, өнер, экономика жəне қызмет саласындағы мамандықтар бойынша білім алып шыққан. Нəтижесінде азаматтар өз қалауынан тыс таңдаған мамандықтар бойынша жұмыс істей алмай, алған игерген дағдысы мен білімі уақыт өте келе ескірген. Бұдан өзге елдегі әрбір екінші азаматтың қайта мамандануына тура келеді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1💵 "Бірнеше айға созылып кетеді". Асхат Аймағамбетов әлеуметтік саладағы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сынға алды
-
255
-
0
-
1
-
-
2💰 Еңбек министрлігі ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін өзгертпек
-
267
-
0
-
0
-
-
3🐶 Тазы мен төбеттің қазақы ит тұқымдары екенін халықаралық тұрғыда ресми бекіту қажет – Кинологтар одағы
-
251
-
0
-
2
-
-
4🚧 Сарапшы: 2030 жылы сұранысқа ие болатын жұмыс орындарының 85%-ы әлі пайда болмады
-
249
-
0
-
0
-
-
5✈️ "Агенттік жауапкершілікке тарту тәртібін бұзды". Air Astana айыппұлға қатысты сот шешіміне шағым түсіреді
-
243
-
1
-
0
-
-
6🦠 Сібір жарасы: Жамбыл облысындағы бір ауыл карантинге жабылды
-
234
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қазақстан электр энергиясын Түркия мен Еуропаға экспорттауды жоспарлап отыр
-
228
-
0
-
1
-
-
8💸 Шенеуніктер үшін табысын жариялау міндеті 2025 жылға шегерілді
-
222
-
0
-
0
-
-
9🛍 Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі рейтингінде 113 елдің арасында 32-ші орында
-
226
-
0
-
0
-
-
10🚬 Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекінің бағасы көтеріледі
-
258
-
0
-
0
-