Жаңа атау ҚМДБ кезектен тыс төралқасында мақұлданды.
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласындағы 15 жылдық тарихы бар "Нұр Астана" мешітінің атауын өзгерту туралы ұсынысты Ғұламалар кеңесі берген болатын. Бұл ұсыныс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс төралқа мәжілісінде талқыланып, ҚМДБ бөлім басшылары, облыс имамдары мен Орталық аппарат қызметкерлері мешіт атауының өзгеруін қолдап, дауыс берді. Нәтижесінде мешіт ендігі таңда ойшыл, ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталады.
Жиында бұдан бөлек тағы екі мәселе қаралды. Олар – қарашада елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өтетін халықаралық конференция және желтоқсан айына жоспарланған ҚМДБ-ның жылды қорытындылау төралқа мәжілісі.
"Егемендік алғанымызға 30 жыл толуына орай ұйымдастырғалы отырған ауқымды конференцияға Түркия, Өзбекстан мен Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей мен Башқұртстан, сондай-ақ, Моңғолия мемлекеттерінің мүфтилері, отандық дін ғалымдары мен имамдар қатысады. Қазіргі кезде конференцияның арнайы жұмыс тобы құрылып, дайындығын пысықтауда", – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇨🇳 Сыртқы істер министрлігі: Қытаймен визасыз режим 2-3 айдан соң енгізіледі
-
351
-
0
-
2
-
-
2🚆 Астанаға пойызбен келген жолаушылар Бурабай мен Баянауылға қалай жете алады?
-
375
-
0
-
1
-
-
3👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
301
-
0
-
0
-
-
4🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
291
-
1
-
2
-
-
5🎪Ерекше қажеттілігі бар адамдар қандай мәдени іс-шараға тегін кіре алады?
-
295
-
0
-
0
-
-
6🦛🦒 Қазақстанда қандай жануарларды спорт жарыстарына қатыстыруға болады?
-
292
-
0
-
0
-
-
7🔠 Түркі елдеріне ортақ әліпби: Қазақстан ғалымдары бұған не дейді?
-
284
-
0
-
3
-
-
8📝 Тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдаған Торанғалық ауылы таратылмақ
-
310
-
0
-
0
-
-
9🪖 Әскерде жүрген сарбаздардың несиесі уақытша тоқтатылады
-
321
-
0
-
0
-
-
10🕌 Қазақстан имамдары жұма мен тарауық намаздарын бірізді оқуға үндеу жасады
-
297
-
0
-
4
-