Нұр-Сұлтан қаласында соңғы үш тәулікте 45 қылмыс тіркелген.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті елордадағы жағдай тұрақты және толық бақылауда екенін мәлімдеді.
Төтенше жағдай басталғаннан бері қалада "102" арнасына қоңырау шалу саны екі есеге артты. Үш күн ішінде 9076 қоңырау түскен. Елорда тұрғындарын анықтамалық сипаттағы мәселелер, қалаға кіру және шығу, ХҚКО, банктер мен сауда орталықтарының жұмыс тәртібі қызықтырды. Полиция қызметкерлері қала тұрғындарына консультативтік және психологиялық көмек көрсетті.
Соңғы үш тәулікте елордада 45 қылмыс тіркелген. Сондай-ақ, 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін екі жүргізуші ұсталып, сот шешімімен Полиция департаментінің арнайы қабылдау орнына қамалды.
"ҚР ӘҚБК-нің 476-бабына сәйкес төтенше жағдай жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгілеген режимді бұзғаны немесе талаптарды орындамағаны үшін 22 адам тартылды. Кінәлілерге қатысты процессуалдық шешімді сот қабылдайды", – делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ, қаланың периметрі бойынша блокпосттар орнатылып, елордаға кіру және шығу шектелген. Қала тұрғындары блок-бекеттер арқылы тек күндізгі уақытта ғана өте алады. Қызметкерлер азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексереді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-