Новости спорта

Елордада Нұрғиса Тілендиев пен Батырхан Шүкеновке мурал салынды

Муралдар қаланың Сарыарқа ауданындағы тұрғын үйлер қабырғасына салынған.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданында еліміздің маңдайына біткен ерекше талант иелері Нұрғиса Тілендиев пен Батырхан Шүкеновке мурал салынды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі. 

"Екі композитордың туындылары әлі күнге дейін тыңдарманын жоғалтқан жоқ. Нұрғиса Тілендиевтің "Аққу", "Әлқисса", "Махамбет" күйлері мен "Құстар әні", "Куә бол", "Сарыжайлау" сияқты әндері әлі күнге дейін халықтың жадында сайрап тұр, ал Батырхан Шүкеновтың "Отан ана", "Жүрегімде Астана", "Джулия", "Твои шаги" сияқты әндері музыка өнеріндегі қайталанбас туындылар", – делінген әкімдіктің хабарламасында. 

Нұрғиса Тілендиевке арналған мурал
Батырхан Шүкеновке арналған мурал

Оқи отырыңыз: Біз білмейтін Батыр


Айта кетейік, мурал "Romul" ЖШС бастамасымен Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 38 мекенжайында салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үй кешенінің қасбетіне салынды.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары