Тікелей эфир

Елордада екпе алғандар арасында Мальдив аралдарына екі адамға жолдама ойнатылады

Жүлде иелері вакцинацияланғандардың ID генерациясы арқылы таңдалады.

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцинацияланғандар арасында Мальдивке екі адамға жолдама және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады. Осы ұтыс ойынына 25 қазан мен 25 желтоқсан аралығында вакцинаның І компонентін салдырғандар қатысады. Ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО және сауда үйлері, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

Азаматтарға арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Мальдивке екі адамға арналған жолдаманың және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) тікелей эфирінде өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін елорда әкімдігі демеушілермен бірлесіп коронавирусқа қарсы вакцинацияланғандардың арасында екі бөлмелі пәтер, автокөлік, 20-дан астам iPhone12, тұрмыстық техника және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол жүлде иелерін вакцинацияланғандардың ID генерациясы арқылы таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша сервис ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру мақсатында өткізіледі. Тек вакцинация сіздің және жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.
Өйткені, басты мақсат – ұжымдық иммунитетті қалыптастыру және бұрынғы карантинге дейінгі режимге оралу.

Серіктестер жаңалықтары