USD: 467.7 / 470.1
  • EUR: 534.0 / 539.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Елордада діни білім беретін "Ислам орталығы" ашылады

ҚМДБ 2022 жылды "Ислам – ынтымақ пен бірлік діні" жылы деп жариялады.

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2022 жылға арналған кеңейтілген төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бағдарлық баяндама жасады.

"Біз 2022 жылды "Ислам – ынтымақ пен бірлік діні" жылы деп жарияладық. Бұл еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығын нығайтуға оң ықпал етеді деген сенімдемін. Қоғам алдындағы біздің басты міндетіміз – мұсылман қауымының бірлігін нығайту, бүлік пен жалған діни ұрандарға жол бермеу. Біз мұны терең ойланып, жамағаттың көкейіне салуымыз тиіс", – деді Бас мүфти.


Оқи отырыңыз: ҚМДБ 2022 жылғы діни күндер кестесін бекітті


Ол, сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда арнайы терең діни білім беретін "Ислам орталығын" ашу жоспарымен бөлісті. Мұндағы мақсат – отандық діни кадрлардың сапасын арттыру.

"Біз – Ислам мәдениеті мен өркениетіне үлкен үлес қосқан халықпыз. Осыған орай "Матуриди ақидасы және Қазақстандағы Ислам", "Алтын Орданың Қазақ жеріндегі Исламның дамуына қосқан үлесі" тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткіземіз", – деді Бас мүфти.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау