Жәрмеңке "Астана Арена" стадионының жанындағы алаңда өтеді.
Astana ӘКК АҚ осы жылдың мамыр айынан бастап қазан айына дейін елордада апта сайын өткізілетін өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысу үшін құжаттар қабылдауды бастайды. Жәрмеңкедегі орындар тегін беріледі, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкелерге қатысу үшін мынадай құжаттардың көшірмелерін жіберу қажет:
- ЖК (жеке кәсіпкерлік), ЖШС, шаруа немесе фермер қожалықтарының тіркелуін растау;
- жәрмеңкеге қатысушылардың санитарлық кітапшалары, сатушылардың арнайы киімдері мен тоңазытқыш жабдықтарының фотосуреттері (қажет болған жағдайда);
- өнім сапасының сертификаты және оның бағасы (бағалар нарықтық бағадан 10-15%-ға арзан болуы тиіс);
- өткізілетін тауарға өндірушілермен немесе ірі жеткізушілермен жасалған шарттардың көшірмелері.
"Құжаттарды Әзірбайжан Мәмбетов көшесі, 24, "Аффари" БО, 8-қабат, 806-кабинетке тапсыру қажет. Жәрмеңкеге қатысушы жұмыс кестесін сақтау, өнімнің бекітілген бағасын қымбаттатуға жол бермеу, сауда орнының тазалығын қамтамасыз ету міндеттерін өз мойнына алады. Бұл нормалар екі реттен артық бұзылар болса кәсіпкер жәрмеңке аумағында сауда жүргізу құқығынан айырылады", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Ет бағасы екі аптада 200 теңгеге қымбаттады
Жәрмеңке Тұран даңғылы, 48 мекенжайында, "Астана Арена" стадионының жанындағы алаңда өтеді. Сұрақтар бойынша 8 (7171) 55-29-51 нөміріне қоңырау шалуға болады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
380
-
0
-
11
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
337
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
318
-
0
-
0
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
336
-
0
-
0
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
305
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
294
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
273
-
0
-
3
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
309
-
0
-
3
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
311
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
300
-
0
-
0
-