2019 жылдың жазында проблемалы 150 көппәтерлі тұрғын үй кешені болса, қазір оның 90-ны аяқталды.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елордалық 16 мың үлескердің 13 мыңының мәселесі шешілгенін мәлім етті.
"Елордада 16 мың үлескер отбасының 13 мыңының проблемасы шешілді. Құрылысы ұзаққа созылған өзге нысандар бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Жергілікті орындарды аралау барысында мынадай проблемалы тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездестім: "Садовые кварталы", "Комсомольский" және "Аниса" ТК. Жалпы алғанда құрылысы ұзаққа созылған үш көппәтерлі тұрғын үй кешенінде шамамен 1,5 мың үлескер отбасы бар", – деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов.
Оқи отырыңыз: 2022 жылды астананың бірқатар тұрғыны жаңа пәтерде қарсы алады
Үлестік құрылыс нысандары:
- "Садовые кварталы" тұрғын үй кешені – құрылысы 2013 жылы басталған. Бірақ 2014 жылы іргетасының қадалары тұрғызылған күйінде ғана қалды. Бүгінге дейін осы нысанның үлескерлерімен тек қазаншұңқырдың маңында кездескенбіз. Одан бері ауқымды жұмыс жүргізілді: техникалық тексеру өткізіліп, құрылысы жанданды, ал ең маңыздысы – инвесторлар жұмылдырылды. "Садовые кварталы" тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау үшін бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Нысанның құрылысы жеке инвесторлар есебінен салынып жатыр.
- "Комсомольский" тұрғын үй кешені 7 жыл бұрын проблемалы нысанға айналды. Мұнда пәтерлерді 600-ден аса үлескер отбасы алған. Қазіргі уақытта нысанда витраждарды монтаждау, терезелер орнату, лифт жабдықтарын монтаждау, инженерлік желілерді орнату және т.б. жұмыстар жүріп жатыр.
- "Аниса" тұрғын үй кешені – сегіз жылдық тарихы бар нысан. Бұл нысанға да инвесторлар тарттық. Олар өз қаражаты есебінен нысанның құрылысын аяқтайды. Мәселен, 1 және 2-блоктарда қабырғаларын қалау жұмыстары, 5 және 6-блоктарда монолитті жұмыстар жүріп жатыр.
"2019 жылдың жазында проблемалы 150 көппәтерлі тұрғын үй кешені болса, қазір оның 90-ны аяқталды. Қалған нысандар бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар", – деп жазды елорда әкімі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-