Бұл жолы 75 тұрғын үй несиесін беру жоспарланып отыр.
2024 жылғы 4-10 қыркүйек аралығында Астанада "Елорда жастары" тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін өтінімдер қабылданады. Өтінімде Астана қаласы әкімдігінің қызмет көрсету порталында онлайн беруге болады.
Бұл ретте астаналық 75 жасты баспаналы ету көзделіп отыр.
Бағдарламаның негізгі шарттары:
- Несие сомасы – 18 миллион теңгеге дейін;
- Бастапқы жарна – 10 пайыз;
- Несие мөлшерлемесі – 5 пайыз;
- Несие ұзақтығы – 19 жыл.
Оқи отырыңыз: "Елорда жастары" ипотекасын қалай алуға болады?
Бағдарламаға кімдер қатыса алады?
Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда келесі сала қызметкерлері қатыса алады:
- мұғалімдер;
- дәрігерлер;
- ЖОО және ҒЗИ оқытушылары мен қызметкерлері;
- журналистер;
- мәдениет саласының қызметкерлері;
- спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар;
- әлеуметтік қызметкерлер;
- коммуналдық сала қызметкерлері;
- полиция департаменті қызметкерлері;
- төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері;
- тұрғын үй кезегінде тұрған жетім балалар.
"Елорда жастары" бағдарламасының өзге шарттарын Информбюроның түсіндірме материалынан оқуға болады.