USD: 487.5 / 490.1
  • EUR: 558.5 / 563.5
  • RUB: 6.39 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Елімізде шай мен кофе қымбаттады

Кофе Түркістан облысында, шай Қызылорда облысында айтарлықтай қымбаттаған. 

2023 жылғы қаңтар-мамыр аралығында елімізде 8,7 мың тонна шай мен кофе өнідірілді. Бұл былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда 35,2 пайызға көп. Бұл туралы Energyprom.kz порталы жазды. 

"Биыл маусым айында ғана кофе 1,2 пайызға, шай 0,2 пайызға қымбаттады. Жалпы бір жыл ішінде кофенің құны 20 пайызға, шайдың бағасы 14 пайызға өскен", – делінген мәліметте. 

Кофенің бағасы Түркістан облысында айтарлықтай жоғырылған, өсім – 40,5 пайыз. Ақмола облысында оның бағасы 38,5 пайызға өссе, Маңғыстау облысында 36,1 пайызға қымбаттады. 

Қызылорда облысында шайдың бағасы 28,7 пайызға өсті. Одан кейін шай қымбаттаған қала – Шымкент, өсім – 27,2 пайыз. Үшінші орында Абай облысы тұр, шайдың бағасы 21,4 пайызға өскен.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз