ҚР бойынша найзағай, бұршақ, дауыл және жел күшейеді деп күтіліп отыр.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 27, 28, және 29 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын оңтүстік циклон қалыптастырады, өткінші жаңбыр сақталады, 27 шілдеде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, 28 шілдеде Абай облысында, 29 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстарында кей уақыттарда нөсер жауады.
ҚР бойынша найзағай, бұршақ, дауыл және жел күшейеді деп күтіліп отыр.
"Ауа температурасы еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде +8+13°С дейін, күндіз +15+25° дейін, шығыста күндіз +23+32°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі, қалған облыстарда күрт өзгерістер болжанбайды", – делінген хабарламада.