Тікелей эфир

Елімізде ақылы жолдардың бағасы артады

Елімізде ақылы жолдарда жүру бағасы өседі. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің бұйрық жобасында жазылды.

"11 ақылы жолдың бағасына өзгерістер енгізіледі. Тарифтер айлық есептік көрсеткішке қарай өзгерсе, жол ақысы 20%-ке өсуі мүмкін", – делінген бұйрық-жобасында. 

Ақылы жолдардағы баға былай өзгереді:

  • "Астана–Щучинск" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0696 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,3478-ден 1,8087 АЕК-ке дейін.
  • "Астана–Теміртау" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0696 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,2435-тен 1,1652 АЕК-ке дейін.
  • "Алматы–Қорғас" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,1043 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,5217-ден 2,5565 АЕК-ке дейін.
  • "Алматы–Қонаев" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0348 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,0696-дан 0,3478 АЕК-ке дейін.
  • "Тараз–Қайнар" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0835 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,4104-тен 2,0661 АЕК-ке дейін.
  • "Шымкент–Қызылорда" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,153 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,7617-ден 3,8435 АЕК-ке дейін.
  • "Щучинск–Көкшетау" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0209 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,1043-тен 0,5217 АЕК-ке дейін.
  • "Астана–Павлодар" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,1322 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,6470-тен 3,2487 АЕК-ке дейін.
  • "Шымкент–Тараз" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0313 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,1496-дан 0,7617 АЕК-ке дейін.
  • "Қонаев–Талдықорған" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0661 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,3270-тен 1,6209 АЕК-ке дейін.
  • "Шымкент–Өзбекстан шекарасы (Ташкентке)" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0313 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,1461-ден 0,7304 АЕК-ке дейін.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары