Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті. Ол үшінші айналымда америкалық Тейлор Таунсендтен басым түсті. Бұл олардың алғашқы кездесуі болатын.
Екі сағат 23 минутқа созылған ойын барысында Рыбакина 16 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін нысанаға тигізді. Таунсенд 9 эйс, 2 брейк (7 брейк-пойнт) жасады.
Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 18-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен таласады. Ол үшінші айналымда рейтингіде 43-орындағы қытайлық Синьюй Ваннан басым түскен – 6:4, 7:6 (7:5).
Бұдан бұрын Индиан-Уэллс WTA 1000 додасында М.Кизді тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева оңай ұтқан еді – 6:4, 6:1.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Анна Данилина Майамиде қытайлық Чжан Шуаймен бірге алғашқы айналымнан аса алмады. Олар жарыстың 8-ракеткалары, германиялық Лаура Зигемунд – тағы бір қытайлық Сюй Ифаньға жол берді – 6:7 (4:7), 3:6.
Оқи отырыңыз: Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды