Тікелей эфир

Электронды жеке медициналық кітапша қолданысқа енеді. Ол қандай деректерді қамтиды?

Мәліметтер медициналық ақпараттық жүйеде сақталады.

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жеке жеке медициналық кітапшаларды беру қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Оған сәйкес, жеке медициналық кітапша екі түрде: қағаз жүзінде және электронды түрде беріледі.

Жеке медициналық кітапша әдетте жұмысқа тұрарда сұралады. Сәйкесінше, құжат қабылданған жағдайда, жұмысқа тұруға үміткер адам кітапшаның электронды нұсқасын ұсына алады.

Ереже бойынша, кітапшаның екі түрін де лицензиясы бар мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдар бере алады.

Электронды жеке медициналық кітапша келесі мәліметтерді қамтиды:

  • Кітапша иесінің фотосуреті;
  • Кітапша иесінің жеке куәлігі бойынша жеке мәліметтері, қолы, медициналық кітапшаның сериясы мен нөмірі;
  • Мамандығы мен лауазымы, жұмыс орны, туған күні мен туған жері.

Сондай-ақ, дәрігер тексерулері мен медициналық сынақ нәтижелері жеке медиәиналық кітапшаға электронды түрде енгізіліп отырады.


Оқи отырыңыз: Жүктіліктің тоғыз айы. Аяғы ауыр әйелдер қандай медициналық көмектерді тегін алады?


Еске салайық, Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ереже жобасын сәуір айында бұған дейін де Ашық НҚА порталына жариялаған болатын, алайда кейін жоба мемлекеттік органның сұрауы бойынша сайттан алынып тасталды.

Жаңа құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 20 шілдеге дейін.

Серіктестер жаңалықтары