Тікелей эфир

Электр самокаттардың салдарынан екі адам қаза болды: 80 адам жарақат алған

Самокаттарды басқарған 26 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстанда электрлі самокаттардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларында екі адам қаза болып, 80 адам жарақат алды.

Бұл туралы брифингте ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова хабарлады.

"Республика бойынша бүгінгі күні электрлі самокаттардың қатысуымен жалпы саны 82 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан екі адам қаза болды, тағы 80 адам жарақат алды", – деді Ақтоты Боранова.

Сонымен қатар аға испектрдың айтуынша, самокаттарды басқарған 26 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске салайық, бүған дейін электрлі самокаттарды жалға беруге тыйым салу туралы петиция жарияланған болатын.

Серіктестер жаңалықтары