Тікелей эфир

Елді мекендерді көктемгі су тасқынынан қорғау үшін 56 жоба іске асырылып жатыр

Фото: orda.kz
Фото: orda.kz
84 елді мекенді қорғау бойынша жоба іске асырылып жатыр.

Су ресурстары және ирригация министрлігі алты облыс әкімдігімен бірлесіп елді мекендерді көктемгі су тасқынынан қорғау үшін 56 жобаны іске асырып жатыр.

Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 580 мың тұрғыны бар 84 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Жобалар аясында жалпы ұзындығы 310 шақырым бөгет салу қарастырылған. Бүгінгі таңда бұл жұмыстардың шамамен 40%-ы орындалды.

"Осыған дейін министрліктің бассейндік инспекциялары ТЖМ және әкімдіктермен бірлесіп еліміз бойынша 1502 гидротехникалық құрылысқа зерттеу жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша гидротехникалық құрылыстардың иелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді. Көктемгі су тасқынын қабылдау үшін бос сыйымдылықтарды қамтамасыз ету мақсатында еліміздің солтүстігі, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы су қоймаларынан су жіберу жұмысы жалғасып жатыр", – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары