USD: 468.3 / 470.7
  • EUR: 534.5 / 539.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Елде жеміс пен көкөніс шырыны 23% қымбаттады

Биыл Қазақстанда жеміс және көкөніс шырынын өндіру көлемі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 21,4% артық өндірілді.

Қазақстанда 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында жеміс және көкөніс шырынын өндіру көлемі 36,3 млн литрді болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 21,4% артық. Бұл туралы energyprom.kz жазды.

Өнімнің жалпы көлемінің 34,4 млн литрі бірден жеміс шырындарының үлесіне тиді (бір жылда 22,9% көбейген), оның ішінде апельсин шырыны – 14,2 млн литр, алма шырыны – 7,3 млн литр, ананас шырыны – 985 мың литр.

Көкөніс шырындарының өндірісі 1,8 млн литрден сәл астам болды. Бұл 2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 5% аз.

Биыл маусым айының қорытындысы бойынша, жеміс және көкөніс шырыны 22,7% қымбаттады. Атап айтқанда, жеміс шырыны 22,6%, көкөніс шырыны 23,9% қымбаттады.

Табиғи шырын Ақмола облысында бірден 42,1% қымбаттады Одан кейінгі орында Батыс Қазақстан (37,2%), Қызылорда (36%) және Жетісу (35,7%) облысы тұр.

Жеміс және көкөніс шырыны ең аз қымбаттаған өңірлер – Павлодар (11,3%) және Қарағанды (11,6%) облыстары.


Оқи отырыңыз: Инфекция қаупі жоғары: Жеміс-жидектен уланбас үшін нені ескеру керек?


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау