Елде бүкіл әлемнен IT таланттарды іздеу және тарту бағдарламасы іске қосылады

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Astana Hub экожүйесі IT саласын дамытуда негізгі катализаторға айналды.

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев үкіметтің кеңейтілген отырысында IT саласындағы қарқынды баяндады.

"Соңғы 5 жылда IT-қызметтер экспорты 15 есеге артты, ал IT-нарықтың кірісі жылына 2 трлн теңгеге жетті. Сонымен қатар, IT-сала жоғары жалақылы жұмыс орындарын қалыптастыруда: елдегі орташа жалақы деңгейімен салыстырғанда шамамен 2 есе жоғары. Astana Hub экожүйемізді отандық жəне шетелдік IT-компаниялар үшін тартымды ете отырып, сала дамуының негізгі катализаторына айналды", – деді министр.

Жаслан Мәдиев Higgsfield стартапының жетістігінен кейін Қазақстанда unicorn жобалардың уақыты келгенін атап өтті.

"Елімізге зерттеушілер, инженерлер және технологиялық кәсіпкерлер қажет. Осы мақсатта біз бүкіл әлемнен таланттарды іздеу және тарту бағдарламасын іске қосып жатырмыз. Мысалы, Telegram-мен бірлесе Қазақстанға ең мықты спорт бағдарламашыларын тартамыз. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Astana Hub инфрақұрылымы елдің барлық аймағына жеткізілді. Оны кеңейту, сондай-ақ таланттарды іздеп табу және Қазақстан бойынша стартаптарды қолдау жұмыстары жалғасады. Бұл ретте alem.ai орталығы ерекше рөл атқарады", – деді Жаслан Мәдиев.

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз