USD: 485.9 / 488.9
  • EUR: 562.0 / 567.0
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Елде алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі күтіледі

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 25, 26 және 27 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады. 

Антициклон жотасы циклонды еліміздің солтүстік-батысына қарай біртіндеп ығыстырады және атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі күтіледі, ал солтүстік-батыста, 25 шілдеде батыста, шығыста, 26-27 шілдеде солтүстігінде нөсер күтіледі.

"Ауа температурасы күндіз батыста +23+33°С дейін, солтүстік-батыста +15+28°С дейін, солтүстікте +18+28°С дейін, орталықта +25+35°С дейін төмендейді, шығыста +25+37℃ дейін, оңтүстікте +35+45℃ дейін, оңтүстік-шығыста +35+43℃ дейін жоғарылауы болжанады", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз