Тікелей эфир

30-летие независимости Казахстана
Елбасы кітапханасының музейінде "Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі" атты көрме ашылды

Фото: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының сайты
Фото: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының сайты
Көрме 28 қаңтарға дейін жұмыс істейді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елордада Елбасы кітапханасының музейінде "Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі" атты көрме ашылды. Алматы қаласы әкімдігімен бірлескен көрме ел тарихындағы Алматының рөлін көрсетеді. Ал көрменің ашылу салтанатына Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев арнайы барды. 

"Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі" атты көрме үш бөлімнен тұрады. Көрмеде Алматыда қабылданған маңызды шешімдер, мегаполистің тәуелсіздік жылдарындағы даму бағыты, қаланың стратегиялық басымдықтары жайлы мәліметтер бар. Алматы қаласынының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Тәуелсіздік жылдарында Алматы экономикасы 2,1 млрд теңгеден 13,5 трлн теңгеге дейін өскен. Ал, жалпы өңірлік өнім жан басына шаққанда 342,5 доллардан 16,7 мың-ға артқан. 1991 жылы 1 134 000 адам тұрған Алматы халқының саны қазір 2 миллион адамға жетті.

"Елбасының алғашқы өзінің резиденциясы болған жерде көрмемізді өткізіп отырмыз. Бұл жерде бұрын кішкентай қала болса, енді бүгінгі қаланы қараңыз. Халық саны миллионнан асты. Жаңа қала пайда болды. Бұл да қаланың, еліміздің күшін, экономиканың даму күшін көрсетіп отыр", – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Фото: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының сайты

Көрме Алматы қаласы архивтері мен музейлерінің, Елбасы кітапханасы қорынан жиналған материалмен қамтылған. Мәселен, көрмеге келушілер 1991 жылдан бастап бүгінге дейінгі Алматыда болған 30 маңызды оқиғамен таныса алады. Ал Алматының әсем табиғаты бейнеленген картиналар келушілерді ерекше әсерге бөлейді.

"Біріншіден цифрлық технология пайдалана отырып, екі мыңнан астам архивтік материалдар, музей жинақтарын, жәдігерлерін көрсетіп отырмыз. Осы көрмеміз екі ай бойы жұмыс істейтін болады. Елбасы кітапханасы музейіндегі көрме "Қазақстан жолы" жобасы аясында ұйымдастырылған. Көрме 28 қаңтарға дейін жалғасады", – деді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Күлайша Ақтаева. 

Материал Алматы әкімдігінің қолдауымен дайындалды

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары