Тікелей эфир

Ел азаматтарының өзін қауіпсіз сезінуі рейтингінде Қазақстан 167 мемлекет арасында 81-орында

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тергеу жүргізу қызметінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 10% аз.

Рейтингте соғыс, кикілжің, террор және қылмыстың тұрғындар өміріне қаншалықты кері әсерін тигізетіні есепке алынған. Тізімде Швейцария, Норвегия және Люксембург көш бастап тұр. Соңғы орында – Оңтүстік Судан. 

ТМД елдері ішінде Өзбекстан, Армения, Түркіменстан, Беларусь, Молдова тізімде Қазақстаннан жоғары, ал Тәжікстан, Әзірбайжан, Ресей, Украина сынды елдер керісінше төменде тұр. 

2021 жылдың I тоқсанында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тергеу жүргізу көлемі 64,7 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,5% аз. Сондай-ақ, физикалық көлемі 10% төмендеді.

Бәрінен көп Алматы қаласында қызмет көрсетілді (15,3 млрд теңге). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,8% көп. Сондай-ақ, бұл үштікке Нұр-Сұлтан мен Атырау облысы кірді. Бәрінен аз Түркістан облысында қызмет көрсетілді – 614,3 млн тг. 

Қауіпсіздікке байланысты қызметтің 80,7%-ын жекеменшік күзетшілер қызметі көрсетті: 51 млрд теңге – өткен жылмен салыстырғанда 12,4% аз. Сондай-ақ, 8 млрд теңгеге қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз ету қызметі көрсетілді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 24,6% көп. 

Ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдары қызметі 32,1%, яғни 3,8 млрд теңгеге дейін қымбаттады. Бұдан өзге 393,4 млн теңгеге тергеу жүргізу қызметі көрсетілді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 32,1% аз. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары