Тікелей эфир

Экс-министр Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды

Ол Kazenergy қауымдастығының бас директоры болды.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Kazenergy қауымдастығының бас директоры болып тағайындалды. Бұл қызметте ол Кенжебек Ибрашевті алмастырды, деп хабарлады petrocouncil.kz

Әлібек Қуантыров. Фото: Информбюро

Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған.

Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады.

2005-2010 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2010-2013 жж. — ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.

2013 ж. — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.

2013-2019 жж. — ҚР Президент әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.

2022-2024 жылдар аралығында ол ұлттық экономика министрі қызметін атқарды. 

Серіктестер жаңалықтары