USD: 484.7 / 487.3
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 5.93 / 6.05
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Экс-депутат халық жүретін жолды жауып тастады. Тұрғындар сотқа жүгінеміз деп отыр

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Тұрғындар төте жолдың жабылуын заңсыз деп санап, оны қайта ашуды талап етіп отыр.

Алматы облысы Төңкеріс ауылындағы төрт бірдей саяжай тұрғындары жергілікті кәсіпкердің әрекетіне наразы, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Халықтың айтуынша, бұрын елді мекендерді мектеп пен ауруханаға жалғайтын төте жол жеке шаруа қожалығының иесі тарапынан жабылып қалған. Салдарынан екі мыңнан астам отбасы күнделікті қатынау мәселесіне тап болып отыр.

Тұрғындардың сөзінше, жол екі апта бұрын тастармен қоршалып, көлік қозғалысына толық шектеу қойылған. Осыдан кейін жедел жәрдем мен мектеп автобустары балама жолмен жүруге мәжбүр болып, жол қашықтығы шамамен 5 шақырымға ұзарған.

Саяжай тұрғындары бұл жағдайдың әсіресе қарттар мен медициналық бақылауды қажет ететін азаматтарға ауыр тиіп отырғанын айтады. Олар төте жолдың жабылуын заңсыз деп санап, оны қайта ашуды талап етіп отыр.

Ал кәсіпкер тараптың өкілдері бұл аумақтың заңды түрде жеке меншікке берілгенін және жерді игеру мақсатында бөгеттер қойылғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұрыннан "жолға айналып кеткен" учаске де шаруашылықтың аумағына кіреді, сондықтан көлік қозғалысына рұқсат берілмейді.

Дауға түскен аумақ екі аудан шекарасына тиесілі: саяжайлар Еңбекшіқазақ ауданында орналасса, жол өтетін жер Талғар ауданына қарайды. Екі аудан әкімдігі әзірге ортақ шешімге келе алмаған.

Тұрғындар мәселе шешілмесе, сотқа жүгінетіндерін айтып отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз