USD: 471.3 / 473.9
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +35C
Все города

Экономикалық алпауыт: Қазақстан аймақтағы өндірістің жартысынан астамын қалай қамтамасыз етіп отыр

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Қазақстанның өңірлік өндірістегі үлесі 50%-дан асты.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі $306 млрд-қа жетті. Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары жариялаған деректерге сәйкес, Орталық Азия елдері жиынтық экономикасының 53,7%-ы Қазақстанның үлесіне тиесілі.

All China Review сайтындағы мақалада келтірілген деректерге сәйкес, бүгінде Қазақстан өңірдің экономикалық өзегін қалыптастырып отыр. Ұлттық экономиканың ауқымы жалпы ішкі өнімі $147,1 млрд құрайтын және өңірде екінші орында тұрған Өзбекстанның көрсеткішінен екі еседен астам жоғары. Түрікменстан экономикасы – $77,4 млрд-қа, Қырғызстандікі – $21,6 млрд, ал Тәжікстандікі – $17,5 млрд-қа бағаланған.

Алшақтық жан басына шаққандағы көрсеткіштерде айқын байқалады. Қазақстанда ЖІӨ-нің  жан басына шаққандағы мөлшері шамамен $15 мың құрады. Түрікменстанда – $11,6 мың, Өзбекстанда – $3,8 мың, Қырғызстанда – $3 мың, ал Тәжікстанда – $1,7 мың. 

Айта кетерлігі, ел экономикасының салмағы бүгінде тек шикізат секторымен ғана айқындалмайды. Жалпы қосылған құнның шамамен 20%-ын сауда саласы қалыптастырса, өңдеуші өнеркәсіптің үлесі – 13%-ға жуық, ал тау-кен өндіру секторының үлесі – 11,9%. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған экономикалық саясат өңдеу өнеркәсібі, цифрлық салалар, логистика, қаржылық қызметтер және инновациялық бағыттарды одан әрі дамытуды көздейді. 

Экономиканың едәуір бөлігін жылжымайтын мүлік нарығы құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша да Қазақстан көршілес мемлекеттерден көш ілгнрі тұр. Мақалада бұл елдегі дамыған және құрылымдық жағынан жетілген ішкі нарықтың белгісі ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, 2026 жылдың қорытындысында Қазақстан экономикасының көлемі $360,4 млрд-қа жетіп, әлемдегі ең ірі экономикалар рейтингінде 49-шы орынға көтерілуге мүмкіндік береді. Қордың бағалауы бойынша, Өзбекстан 61-ші орынға орналасады, ал Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстан әлемдік рейтингте бұдан төмен орындарды иеленеді.

Өңдеу өнеркәсібін, логистика саласын, цифрлық сервистер мен, қаржы секторын кеңейту Қазақстанға өсу көздерін әртараптандыруға және экономикалық сыртқы тұрақсыздық кезеңдерін сенімді еңсеруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Орталық Азияда банк активтерінің көлемі бойынша көш бастап тұр 

Қазақстанның банк жүйесі Орталық Азиядағы ең ірі банк жүйесі болып қала береді. 2026 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша ел банктерінің активтері $140 млрд-қа жетті делінген халықаралық БАҚ басылымында.  

Онда Қазақстанның банк активтері мен депозиттік портфель көлемі бойынша көршілес мемлекеттерден едәуір озып тұрғаны атап өтілген. Атап айтқанда, республикадағы екінші деңгейлі банктердің активтері Өзбекстанның деңгейінен 80%-дан астам жоғары, ал Тәжікстанның көрсеткішінен шамамен 24 есе көп. Қырғызстанның банк жүйесінің активтері $13,9 млрд құрады.

Сондай-ақ Қазақстан несие беру және тартылған депозиттер көлемі бойынша өңірде жетекші орын алады. Қазақстан банктерінің депозиттік базасы 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша $96,4 млрд құрады. Бұл Өзбекстанның көрсеткішінен шамамен үш есе көп және Орталық Азияның қалған елдерінің көрсеткіштерінен айтарлықтай жоғары. Жоғарыда атап өтілгендей, ірі депозиттік база банктердің тұрақты қорландырылуын қамтамасыз етеді, жеке секторды несиелеу мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ экономиканы ұзақмерзімді қаржыландыруға жағдай жасайды.

Басылымның бағалауы бойынша, активтер, депозиттер және кредиттеудің ауқымы Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші қаржы орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтады.

Қазақстан Орталық Азиядағы жинақталған тікелей шетелдік инвестициялардың 70%-ға жуығын тартқан

Халықаралық бизнес үшін Қазақстан Орталық Азияға шығудың негізгі қақпасы болып қала береді. Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында атап өтілгендей, экономиканың ауқымы, макроэкономикалық тұрақтылық, дамыған қаржы инфрақұрылымы, салыстырмалы түрде мықты институттар және Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық орналасуы Қазақстанға өңірдегі жинақталған тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) ең үлкен көлемін тартуға мүмкіндік берді. 

UNCTAD-ның World Investment Report 2025 баяндамасына сәйкес, Қазақстанда жинақталған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі $151,3 млрд-ты құрап, Орталық Азиядағы жалпы көлемнің 68,6%-ына тең болды. Өңір бойынша жинақталған ТШИ-дің жиынтық көлемі $220,5 млрд-ты құрады. 

Салыстыру үшін айтсақ, Түрікменстандағы жинақталған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі $44,6 млрд-ты, Өзбекстанда $16,7 млрд-ты құрады. Ал Қырғызстан мен Тәжікстандағы жинақталған инвестициялар көлемі әр елде шамамен $4 млрд-тан.

Капиталдың Қазақстанда шоғырлануы ұзақ жылдар бойы қалыптасты. Инвесторларды елдің ауқымды ішкі нарығы, бай табиғи ресурстық базасы, Еуропа мен Азия арасындағы қолайлы көлік-логистикалық орналасуы, дамыған қаржы инфрақұрылымы және ірі халықаралық жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибесі әсер етеді.

Қазақстанның инвестициялық саясаты реттеудің болжамдылығын одан әрі арттыруды және инвесторларға ұзақмерзімді жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдай қалыптастыруды көздейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрақты әрі түсінікті іскерлік ортаның маңызын бірнеше рет атап өткен.

Сонымен қатар жинақталған инвестициялар көлемі халықаралық компаниялар үшін Қазақстанның Орталық Азиядағы ең ірі әрі ең дамыған инвестициялық алаң екенін айқын көрсетеді.

Қазақстан негізгі экономикалық рейтингтер бойынша Орталық Азия елдерінен озық тұр

Қазақстан экономикалық күрделілік пен экономикалық еркіндік жөніндегі халықаралық рейтингтерде Орталық Азия елдері арасында жоғары орындарға ие. Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымында атап өтілгендей, бұл көрсеткіштер өндірістік құзыреттердің даму деңгейін, іскерлік ортаның сапасын және нарықтық институттардың жай-күйін көрсетеді.

Экономикалық күрделілік индексінде Қазақстан әлем бойынша 55-орында тұр және бұл көрсеткіш бойынша Орталық Азияның басқа мемлекеттерінен едәуір алда келеді. Аталған рейтинг экономиканың технологиялық тұрғыдан күрделі өнімдерді өндіру және экспорттау қабілетін, сондай-ақ жинақталған өнеркәсіптік және өндірістік құзыреттердің деңгейін бағалайды.

Экономикалық еркіндік индексінде Қазақстан 68-орында тұр. Рейтингті жасау кезінде меншік құқықтарының қорғалуы, мемлекеттік реттеудің тиімділігі, экономиканың ашықтығы және бизнес жүргізу жағдайлары ескеріледі.

Мақалада атап өтілгендей, Қазақстанның өңірдегі жетекші позициялары экономиканың ауқымы мен құрылымына, институттардың сапасына және ұзақмерзімді капиталды тарту қабілетіне негізделген. Елде мемлекеттік басқаруды жаңғырту, нарықтық институттарды нығайту және инвесторлар үшін қолайлы жағдайларды жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Конституциялық реформа осы өзгерістердің маңызды бөлігіне айналып, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және елдің ұзақмерзімді институционалдық негізін нығайтуға бағытталған.

Халықаралық инвесторлар үшін реттеудің болжамдылығы, меншік құқықтарының қорғалуы және экономикалық саясаттың тұрақтылығы шешуші мәнге ие. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар осы бағыттарды одан әрі нығайтуға және инвесторлар үшін қолайлы әрі сенімді инвестициялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы рекордтық $48 млрд-қа жетті

15 шілдеде Шанхайда өткен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің кездесуі екі ел арасындағы экономикалық әріптестіктің одан әрі кеңейіп келе жатқанының айқын көрінісі болды.

Мақалада келтірілген деректерге сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы рекордтық $48 млрд-қа жетті. Екі ел 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті $100 млрд-қа дейін жеткізуді көздеп етіп отыр. 2025 жылдың ортасына қарай Қазақстан экономикасына тартылған Қытайдың жинақталған тікелей инвестицияларының көлемі шамамен $11,4 млрд. Бұл – Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш және өңірге салынған қытай капиталының шамамен үштен біріне тең.

Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтық жүк тасымалында орталық орынға ие. Екі өңір арасындағы жүк ағынының 85%-дан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. 2025 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалының көлемі 35,6 млн тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артты. Соңғы жеті жылда Қазақстан көлік және транзиттік инфрақұрылымды дамытуға $35 млрд-тан астам қаржы бағыттады. Негізгі жобалардың қатарында Ақтаудағы контейнерлік хаб, Сиань қаласындағы құрғақ порт және Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдарды салу жобасы бар.

Өнеркәсіп кооперациясы аясында жалпы құны $8,7 млрд-ты құрайтын 62 бірлескен жоба аяқталып, 11 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Қазіргі уақытта құны $13,5 млрд-қа тең 55 жоба жүзеге асырылуда. Ал жалпы құны $60 млрд-тан асатын 220-дан астам бастама келешегі зор жобалар қоржынына енгізілген.

Сауда, инфрақұрылым және өнеркәсіп кооперациясының дамуы Қазақстанның Қытайдың негізгі экономикалық серіктестерінің бірі әрі еуразиялық көлік бағыттарындағы маңызды буын ретіндегі позициясын нығайтып келеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау