Коммуналды тарифтер жаз айларында біртіндеп көтеріледі.
Коммуналды тарифтер осы жылдың маусым-шілде айларынан бастап біртіндеп көтеріледі. Тарифтердің не үшін артатынын Мәжіліс кулуарында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров түсіндірді.
"Коммуналды тарифтер осы жылдың маусым-шілде айларынан бастап көтеріледі. Бірақ біз оны біртіндеп көтереміз. Себебі, тарифтер халық үшін қолайлы болуы керек. Болжам бойынша, ол 10-30 пайыз аралығында болады. Бірақ әр өңірде әртүрлі, желілердің ескіру деңгейіне қарай өседі. Мысалы, Екібастұз тарифтерді 108 пайызға көтеруді ұсынды, бірақ біз онымен келіспедік", – деді министр.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
Әлібек Қуантыров өңірлердегі жылу және электр желілері 80 пайыздан астам ескіргенін атап өтті.
"Тарфитерді көтеру бір жағынан ескірген желілер мен ЖЭО жаңартуға және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саладағы қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін қажет. Себебі олардың жалақысы өте төмен", – деді министр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1☂️☀️Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
-
383
-
0
-
4
-
-
2🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
253
-
0
-
0
-
-
3⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
221
-
0
-
5
-
-
4🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
159
-
0
-
4
-
-
5✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
116
-
0
-
0
-