Тікелей эфир

Экология министрлігі: "Семей орманы" резерваты техникасының 80 пайызы тозған

2027 жылдың соңына дейін табиғат қорғау және орман мекемелерін лайықты деңгейде материалдық-техникалық жарақтандыру көзделген.

"Семей орманы" резерваты техникасының 80 пайызы тозған. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ҚазАқпарат агенттігінің сауалына берген жауабында мәлімдеді.

"Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылдың 20 шілдедегі "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы" 18-02/664 бұйрығына сәйкес, резерваттың жабдықталуы 92 пайызды құрайды. Амортизациялық тозуына байланысты техника мен жабдықтардың 80 пайызы есептен шығаруға жатады", – деп атап өтеді министрлік агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Ведомствоның атап өтуінше, қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметінің 2023 жылдың 15 маусымындағы қаулысымен азаматтық қорғау саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі іс-шаралардың кешенді жоспары (бұдан әрі – кешенді жоспар) бекітілді.


Оқи отырыңыз: Абай облысындағы өртті өшіру үшін ерлік көрсеткендер марапатталды


2023-2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттен орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мұқтаждықтарына арналған кешенді жоспар бойынша қаржыландырудың жалпы қажеттілігі 68,5 млрд теңгені құрайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді нығайту жөніндегі бірінші кезектегі әс-шараларға арналған кешенді жоспар аясында осы жылға 8,2 млрд теңге көзделген. Оның ішінде резерват үшін 1,4 млрд теңге (өрт сөндіру автомобилі – 15 бірлік, шағын орман патрульдік кешені – 14 бірлік, жылжымалы көлік құралы тіркемесі – 3 бірлік, өрт тіркеме бөшкесі – 8) қарастырылып отыр. 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде табиғат қорғау және орман мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын лайықты деңгейге дейін жеткізу көзделген.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары