Тікелей эфир

Экология министрлігі ормандағы өрт туралы: Қатты түтін ұшқыштардың жұмысын қиындатуда

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге барлығы 1803 адам, 348 бірлік түрлі техника жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта өрттің жалпы ауданы шамамен 60 мың га құрады, бірақ елді мекендерге қауіп жоқ. Өрттің таралуын шектеу үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Экология министрлігі. 

"13 маусым күні таңғы сағат 4-тен бастап өрттің шеттерін сөндіру мақсатында төрт әуе бортының ұшуы жүзеге асырылды. Алайда қатты түтін ұшқыштардың жұмысын қиындатуда", – делінген министрлік хабарламасында. 

Фото: Экология министрлігінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге барлығы 1803 адам, 348 бірлік түрлі техника мен 12 тікұшақ жұмылдырылған.


Оқи отырыңыз: Қазақстан Абай облысындағы өртті сөндіруге көрші мемлекеттерден көмек сұрай ма? Қаржы министрі жауап берді


Сонымен қатар, метеорологтардың хабарлауынша, 13 маусым күні кешке қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай соғуы мүмкін, күндіз солтүстік-шығыстан 9-14 м/с-нан 15-20 м / с дейін жел соғуы ықтимал. Күндіз ауа температурасы + 32 градусқа дейін болады деп болжанып отыр. 

Фото: Экология министрлігінің баспасөз қызметі

"Қалыптасқан жағдайды толыққанды нақтылау үшін Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың қатысуымен жедел штаб өкілдері тікұшақпен өрт ошақтарын айналып өтті", – деді министрліктегілер. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары