
BYD компаниясы мен Алматы қаласының әкімдігі Astana Motors компаниясымен бірге Алматыда электробустар өндірісін іске қосу туралы келісімге келді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Қытайға жұмыс сапары барысында BYD электр автобустары өндірісімен танысқан болатын.
"BYD электр автобустарының аккумуляторлары әлемдегі ең қауіпсіз әрі сапалы деп саналады. Олар Данияда өткен сынақтардан сәтті өтті, оның ішінде 300°C дейін қыздыру және қайта зарядтау кезінде тұтанбайды", – делінген компанияның ресми хабарламасында.
Айта кетейік, BYD Blade аккумуляторы 2023 жылы "Жылдың инновациясы" сыйлығын алған болатын.
Еске алайық, Үкімет басшысы Олжас Бектенов бұған дейін 2025 жылы Алматы қаласына қосымша 200 электр автобусын және газбен жүретін 600 автобус сатып алынатыны туралы хабарлаған болатын. Бұл қаланың экологиялық қоғамдық көліктер саны 70 пайызға дейін арттырады.
Оқи отырыңыз:
- Транспорт жүйесін толық автоматтандыру: Changan тәжірибесі
- Tesla, Zeekr, Changan. 2025 жылы автобрендтер қандай жаңа көліктерін сатылымға шығарады? Информбюро шолуы