Тікелей эфир

Екібастұзда жүкті әйел жоғары қабаттан құлап, қайтыс болды

Ол дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қаңтарда түнгі сағат 01:42-де биіктіктен құлау туралы қоңырау түсті. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.

Медициналық бригада шұғылдықтың бірінші санаты бойынша шықты.

"Жедел жәрдем бес минутта жетті. Оқиға орнында 30 жастағы жүкті әйелдің мерт болғаны анықталды",– деп жазылған хабарламада.

Полиция департаменті жазатайым оқиғаға қатысты әзірше түсінік берген жоқ.


Оқи отырыңыз: Әскерилердің суицид жасауына не себеп? Қорғанысминистрлігінің мәлімдемесі


 

Серіктестер жаңалықтары