USD: 484.7 / 487.3
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 5.93 / 6.05
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Екібастұзда мас адамдар медицина қызметкерлерін соққыға жықты: 3 күдікті изоляторға қамалды

Фото Freepik.com
Фото Freepik.com
Дәрігерді қорғамақ болған медбике де зардап шекті.

Екібастұз қаласындағы травматологиялық пунктте мас адамдар дәрігер мен медбикеге шабуыл жасаған, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, оқиға 12 сәуір күні таңертең болған. Травматология бөлімшесіне екі мас адам жараланған ер адамды алып келген. Алайда олар әуел бастан-ақ медицина қызметкерлеріне агрессия танытып, ескертулерге бағынбаған. Дәрігер оларды сыртқа шығуды сұрағанда, күдіктілер оған шабуыл жасаған.

Павлодар облысының полиция департаменті хабарлауынша, ер адамдар дәрігерді жабылып ұрып, араша түскен медбике де жарақат алған. Қазіргі уақытта екі медицина қызметкері ауруханада ем қабылдап жатыр.

"Оқиға орнына жедел жеткен полиция үш күдіктіні ұстады. Екі мас адам уақытша ұстау изоляторына қамалса, бастапқыда жарақат алып келген ер адам күзетпен ауруханаға жатқызылған", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2026 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі бойынша енгізілген түзетулер күшіне енді. Енді медицина қызметкерлеріне күш қолданғандар келтірілген жарақаттың ауырлығына байланысты 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз