Қазақстанда барлығы 7,5 мың мектеп бар.
Ауылдық жерлерде дәретхана мәселесін шешу қиын. Өйткені, көп ауылда өзінің су және кәріз жүйесі жоқ. Десе де жақын уақытта бұл мәселені толығымен шешеміз, деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Qazaqstan арнасына берген сұхбатында.
"Қазақстанда 7,5 мың мектеп болса, оның 2 700-інде ешқандай жылы дәретхана болмады. Бұл шындық. Бірақ, соңғы 2 жыл ішінде 1 600 дәретхана салынып, іске қосылды. Бұл оңай мәселе емес. Біріншіден, шалғай елді мекендерде кәріз жүйесі жоқ. Екіншіден, су жүйесі жоқ. Үшіншіден, септикті қазғанымен, оны сордырып, төгетін арнайы құрылғы керек болды. Оны сатып алу керек. Одан кейін оны апарып төгетін арнайы полигон қажет. Мұның барлығы бір-бірімен байланысты мәселелер" – деп түсіндірді министр.
Мұнымен қатар, Асхат Аймағамбетов бұрын ауданда жұмыс істеп, осы мәселемен тікелей бетпе-бет келгенін атап өтті.
Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: 30 жыл өтілі бар ұстаздарға жеңілдіктер жасалады
"Бұл мәселені өзім жақсы білемін. Қала жағдайында оны шешу оңай. Ал бұл қалаға тиесілі емес проблема болып отыр. Ауылдың барлығында су мен септик болмағандықтан, бұл мәселені шешу қиын. Бірақ, екі жыл ішінде 1 600 дәретхана салып, оларды іске қостық. Бұл жұмыс ары қарай да жалғасын табады және толығымен шешіледі", – деді Асхат Аймағамбетов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚒 Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті
-
246
-
0
-
0
-
-
2📲 Шығыс Қазақстанда биыл 73 ауылда мобильді интернет жылдамдығы артады
-
229
-
0
-
1
-
-
3🏋️♀️ Қазақстанда спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларына қосымша ақы төлене бастады
-
243
-
0
-
0
-
-
4⏳ Барлық ХҚКО-да бірнеше қызметке өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады
-
244
-
0
-
2
-
-
5⛔️ "1971 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген". Алматы облысында ауылды жағалай өтетін канал көптің үрейін ұшырып отыр
-
247
-
0
-
1
-
-
6✈️ "Жанармай үшін әр билеттен ақы алған". Air Astana-ға 6,7 млрд теңге айыппұл салынды
-
243
-
0
-
3
-
-
7💵 "Бірнеше айға созылып кетеді". Асхат Аймағамбетов әлеуметтік саладағы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сынға алды
-
226
-
0
-
1
-
-
8💰 Еңбек министрлігі ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін өзгертпек
-
239
-
0
-
0
-
-
9🐶 Тазы мен төбеттің қазақы ит тұқымдары екенін халықаралық тұрғыда ресми бекіту қажет – Кинологтар одағы
-
226
-
0
-
2
-
-
10🚧 Сарапшы: 2030 жылы сұранысқа ие болатын жұмыс орындарының 85%-ы әлі пайда болмады
-
219
-
0
-
0
-