Джуд Беллингем, Вирджил ван Дейк, Винисиус Жуниор. Кім "Алтын доп" иесі атануы мүмкін

Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Үздік футболшы оның футбол маусымындағы көрсеткіштеріне қарай анықталады.

France Football журналы тағайындаған 69-шы "Алтын доптың" иесі 22 қыркүйекте анықталады. Биылғы фаворит үміткерлердің қатарында Джуд Беллингем, Вирджил ван Дейк, Винисиус Жуниор, Флориан Вирц және Витинья есімі аталып отыр. 

Айта кетейік, соңғы 4 жылда үздік футболшы жаңа тәсілмен іріктеледі. Жеңімпаз күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша емес, футбол маусымындағы көрсеткіштеріне байланысты анықталады. Бұл жолы ойыншылардың жетістіктері 2024 жылдың 1 тамызынан 2025 жылдың 25 шілдесіне дейінгі аралықта есепке алынған.

Журналдың шарттарына сәйкес, үміткерлерге дауыс беру құқығы спорт журналистеріне берілген. Әр журналист он футболшыдан тұратын тізім жасайды. Бірінші орын алған ойыншыға – 15 ұпай, екінші орынға – 12 ұпай, үшіншіге – 10 ұпай беріледі. Одан кейінгі орындарға ұпайлар кему ретімен: 8-ден 1-ге дейін есептеледі. Дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған футболшы – "Алтын доп" иегері атанады.

Еске салайық, 2024 жылы "Алтын допты" испаниялық Родри жеңіп алған болатын.


Оқи отырыңыз: "Қайратты" Чемпиондар лигасына шығарған Темірлан Анарбеков туралы не білеміз


 

Серіктестер жаңалықтары