Тікелей эфир

Дүниежүзін дүрліктірген коронавирус зертханада қолдан жасалған

Қытай билігі коронавирустың зертханалық жолмен жасалғанын жоққа шығарып отыр.

Дүниежүзін дүрліктірген коронавирус зертханада қолдан жасалған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Америкалық ғалымдар екі жылдық зерттеуден кейін осындай қорытындыға келді. Олар COVID-19 вирусының табиғатта жоқ биологиялық сипаттамасы бар екенін алға тартады. Бұл туралы жергілікті басылымдар жазып жатыр.

АҚШ конгресінің өкілдер палатасының баяндамасында "коронавирус Қытайдың Ухань қаласындағы зертханадан шыққан болуы мүмкін" делінген.

Сонымен қатар құжатта аталмыш зертханада SARS вирусы зерттелетіні, онда қауіпсіздік жағы осал екені айтылады. 2019 жылы бұл ауру пайда болмай тұрып Ухань зертханасының қызметкері күзде Covid-ке ұқсас инфекциямен ауырған екен.

Алайда, Қытай билігі коронавирустың зертханалық жолмен жасалғанын жоққа шығарып отыр.

Еске салайық, 2020 жылы жұқпалы дерт әлем бойынша таралып, пандемия жарияланған еді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасына сүйенсек, қауіпті індеттен бас-аяғы 4 миллионға жуық адам қайтыс болған.

 

Серіктестер жаңалықтары