Жазушының сөзінше, қазіргі қоғамға көркем әдебиеттің қажеті жоқ.
Жазушы драматург Дулат Исабеков "Айқын" басылымына берген сұхбатында жазушылық бүгінде елеусіз қалғанын айтты. Оның сөзінше, қазіргі қоғамда ақыл-кеңес, моральдық тәлім-тәрбие алайық деген ой жоқ.
"Жазушылық елеусіз қалды. Қаламақы тек қаржылық жағынан емес, адамның талантын сыйлау, елеу, құрметтеу. Бұл жоқ болғаннан кейін жұртта қалған баладай жазушылар далада қалды. Кімге керек екенін де білмей қалды. Ақырында өзіне ғана керек екенін сезді. Басқаға керегі жоқ. Қазір адамдар "Кеңес Үкіметінің идеологиясын насихаттағаны үшін жазушыларға қаламақы төлеген" деп жүр. Бірақ, сол кезде туған классикалық шығармаларды біз коммунизмнің туындылары деп айта алмаймыз. Өйткені қаламгерлеріміз небір ғажап шығармаларды дүниеге әкелді. 72 жыл өмір сүрген сол қоғамнан 70-тей жазушы қалғаны аз ба? Жазушылар ескерусіз қалғандықтан, қоғамға жазушының қажеті болмай қалғандықтан осындай халге түсті", – деді Дулат Исабеков.
Оқи отырыңыз:
- "Оқуға тұрарлық ешкім жоқ емес, оқитын адам жоқ". Жазушы Бақытгүл Сәрмековамен сұхбат
- Жазушы Роза Мұқанова: Ұлттық кітапхана қорына қол сұғу дәстүрге айналып барады
Драматург қазіргі жас жазушыларға да қатысты ойын білдірді. Оның сөзінше, драматургияның тиімсіз кәсіп екеніне олардың көзі жеткен.
"Біздің ұранымыз: "Жаз, жақсы жаз, тегін жаз". Тегін жазатын біз сияқты "қожанасырлар" әлі де бар болуы мүмкін. Ал жастар тегін жазбайды. Олар біз сияқты романтик емес, прагматик. Олар "Не бересің? Бермесең, жазбаймын" деп ашық айта алады. Жастар телевидение мен радиоға, басылымдарға барады. Ал драматургияның тиімсіз кәсіп екеніне көзі жетті. Онымен бала-шағасы түгілі, қарақан басын асырай алмайтынын біледі. Жастар "бір рет қойып көрейінші" деген жалынмен драматургияға келеді. Одан кейін не ақшасы жоқ, не абыройы жоқ – жазудан кетеді. Сондықтан да шығар, біздің жазушыларымыз қараусыз қалып жатыр", – деді драматург.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
351
-
0
-
0
-
-
2⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
332
-
0
-
5
-
-
3🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
309
-
0
-
5
-
-
4✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
301
-
1
-
2
-
-
5👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
255
-
0
-
4
-
-
6Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
239
-
0
-
0
-
-
7🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
242
-
0
-
2
-
-
8⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
259
-
0
-
0
-
-
9😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
252
-
0
-
1
-
-
10🎾 Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапты?
-
281
-
0
-
0
-