Dota 2 2026 жылы Астанада өтетін Games of the Future турнирінің бағдарламасына қайта қосылады. Биыл бұл жарыс халықаралық спорт және киберспорт күнтізбесіндегі маңызды оқиғалардың біріне айналмақ.
Турнир 2026 жылдың 31 шілдесі мен 5 тамызы аралығында өтеді. Әлемнің үздік командалары 1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қоры үшін бақ сынайды.
Жарыстың негізгі кезеңдері Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады. Заманауи кешен 5 мың көрерменге арналған және халықаралық деңгейдегі ірі жарыстарды өткізуге бейімделген.
Айта кетейік, Dota 2 өткен жылы Абу-Дабиде өткен Games of the Future 2025 турнирінде ерекше әсер қалдырған болатын. Ол кезде Win командасы жарыс барысында бірде-бір ойында жеңілмей, финалда тәжірибелі Vikings ұжымын 2:0 есебімен жеңіп, чемпион атанған еді.
Phygital International ұйымының өкілі Уильям Әл-Бадиштің айтуынша, Dota 2-нің турнирге қайта оралуы үлкен маңызға ие. Оның сөзінше, бұл ойын киберспорттағы ең жоғары деңгейдегі бәсекелестікті көрсетеді және Астанада өтетін жарыс тағы да ерекше болмақ.
Dota 2 ұсынылатын MOBA PC санаты – Games of the Future 2026 бағдарламасындағы сегіз бағыттың бірі. Жалпы, жарысқа 50-ден астам елден 900-ден астам қатысушы келеді деп жоспарлануда. Ұйымдастырушылар 100 мыңнан астам жанкүйерді қабылдауды көздеп отыр.
USD:
483.1 / 486.1
EUR:
555.5 / 560.5
RUB:
5.91 / 6.11

