Досының үйлену тойынан кейін отшашу атқан жігіт 5 тәулікке қамалды

Фото: kasla-wed.ru
Фото: kasla-wed.ru
Астанада түнгі отшашу тұрғындардың тыныштығын бұзды.

Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған 25 жастағы жігіт 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Оқиға досының үйлену тойынан кейін болған. Жас жігіт мейрамханаға қарама-қарсы аумақта пиротехникалық бұйымдарды іске қосқан.

Отшашудың салдарынан жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінде тұратын азаматтардың тыныштығы бұзылған.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықты тіркеп, материалдарды сотқа жолдаған. Сот шешімімен 25 жастағы азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тәулік мерзімге қамауға алынған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау