Тікелей эфир

"Дора" Қазақстандағы балаларға ағылшын тілін үйренуге көмектеседі

Қазір оны 150-ден астам елде 32 тілде көруге болады.

Paramount жаһандық медиа-тобы "Дора" мектепке дейінгі анимациялық шоуындағы әйгілі кейіпкердің оралғанын хабарлайды.

Nickelodeon Animation студиясы ұсынған және 26 жаңа 11 минуттық эпизодты қамтитын телехикаяның тұсаукесері Қазақстанда дүйсенбі күні, 15 сәуірде жергілікті кабельдік операторлар мен интернет-провайдерлер арқылы қолжетімді Nick Jr арнасында өтті.

"Заманауи компьютерлік графика мен қызықты сюжеттік желілердің арқасында барлығының сүйікті екі тілді саяхатшысы Дора мен оның ең жақын досы маймыл Етікше, ғажайып тропикалық орманда қызықты оқиғаларды бастан кешеді. Жол бойында олар кездесетін қиындықтарды жеңіп, көрермендерге ағылшын тілін үйренуге көмектеседі", – деп жазылған хабарламада.

2000 жылы Nickelodeon-ға шыққаннан бері қазақ тіліндегі аудармасында "Зерттеуші қыз –Дора" деген атпен белгілі "Dora The Explorer" түпнұсқа телехикаясы тез арада әлемдік поп-мәдениеттегі құбылысқа айналды және шамамен 25 жыл өтсе де ғаламшардағы мектеп жасына дейінгі балалар үшін ең жоғары сұраныстағы шоулардың бірі болып қала береді.


Оқи отырыңыз: Қазақстандық анимациялық фильм халықаралық фестивальде гран-при иеленді


Дора әлеуметтік, ұлттық және тілдік шекараларды басып өтіп, бүкіл әлем бойынша миллиондаған балалар үшін қаһарман және дос болды. Қазір оны 150-ден астам елде 32 тілде көруге болады. Сегіз маусым ішінде шоу көптеген беделді халықаралық марапаттарды иеленді, соның ішінде «Эмми» және теледидар сыншылары қауымдастығының сыйлығы.

 

Серіктестер жаңалықтары