Голливуд студиялары АҚШ президенті Дональд Трамптың гендерлік саясатына байланысты дәстүрлі отбасы құндылықтарына негізделген киножобаларды көбірек жүзеге асырып жатыр, деп хабарлады франциялық Le Fiagro басылымы.
Мысалы, басылымның жазуынша, Paramount және Warner Bros. Discovery сынды студиялар инклюзияны қолдау бағытындағы жобаларды қысқартып, классикалық вестерн, діни тақырыптарға акцент бере бастады, Мұндағы мақсат – АҚШ президенті Дональд Трамптың консервативті ұстанымдарына икемделу.
Америкалық студиялардың бағытын өзгертуіне, сондай-ақ инклюзия тақырыбындағы жобаларды қаржылық тұрғыда тиімсіз болуы да себеп болған. Мысалы, "Ақшақардың" (Snow White) диснейлік ремейкі өз бюджетінің жартысын ғана жинай алса, Netflix түсірген інжілден негіз алатын "Мария" фильмі хитке айналған.
Disney әртүрлілік, теңдік, инклюзия бойынша өз бағдарламасын да қайта қарап жатыр.
Еске салайық, Дональд Трамп президент қызметіне кіріскен соң АҚШ-та ресми түрле екі жыныс (ерлер және әйелдер) қана болатынын мәлімдеп, үкіметке DEI (diversity, equity, and inclusion — әртүрлілік, теңдік және инклюзия) жобасын жоюды тапсырды.
Оқи отырыңыз: Дональд Трамп АҚШ-та балалардың жынысын ауыстыруға тыйым салмақ
USD:
503.9 / 506.9
EUR:
588.0 / 593.0
RUB:
6.55 / 6.67