Дональд Трамп қаңғыбастарды күштеп көшіруді көздеп отыр. АҚШ президенті осылайша ел астанасы Вашингтонды қауіпсіз шаһарға айналдыруды жоспарлаған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Community Partnership ұйымының мәліметінше, халық саны шамамен 700 мыңға жуықтайтын Вашингтон қаласында күн сайын 3782 адам үйсіз қалады екен. Басым бөлігі, уақытша паналау орталықтарында немесе уақытша баспаналарда тұрады. Ал жатарға жер таппай, көше кезіп, далада түнеп жүргендердің саны 800-ге жетеді.
Ақ үй басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қаңғыбастарды қаладан алыстатқанымен далада қалдырмаймыз дейді. Демек, арнайы мекемелерге жатқызуды жоспарлаған. Сонымен қатар Дональд Трамп қылмыскерлерді де қыспаққа алатынын жеткізді. Демек, қаскөйлерді жаппай құрықтап, тар қапасқа қамаймыз деп отыр.
Трамптың бұл сөздері соңғы уақытта округтегі қылмыспен күрес тақырыбында өршіп тұрған саяси мәлімдемелерінің жалғасы іспетті.
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59