Қазақстанда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жариялаған "Тұрмыстық зат атаулары шеберханасы" республикалық байқауы 13 мамырға дейін жалғасады. Байқау күнделікті тұрмыста орысша қолданылып жүрген зат, құрылғы атауларына мемлекеттік тілде сәтті балама табуды және сол арқылы қазақ тілінің қорын толықтыруды көздейді.
Тіл білімі институты талқыға 30 сөзді ұсынып отыр, олар:
- Кресло;
- Жалюзи;
- Комод;
- Простыня;
- Пододеяльник;
- Одеяло;
- Тумбочка;
- Раковина;
- Удлинитель;
- Миксер;
- Соковыжималка;
- Грильница;
- Термокружка;
- Отпариватель;
- Мультиварка;
- Мантоварка;
- Плед;
- Вытяжка;
- Шлагбаум;
- Фольга;
- Дуршлаг;
- Терка;
- Косяк;
- Карниз;
- Плинтус;
- Гардина;
- Контейнер;
- Розетка;
- Домофон;
- Кондиционер.
Байқауға қатысушылар тізімнің ішінен 10 тұрмыстық зат атауына қазақ тілінде балама ұсынып, оның тілтанымдық негіздемесін дәйектеуі тиіс.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2026 жылғы 15 мамырда өтеді. Жүлделі орын иегерлеріне ақшалай сыйлықтар беріледі.
USD:
458.3 / 461.1
EUR:
535.5 / 540.5
RUB:
5.93 / 6.05

