Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы өсті.
Доллардың орташа бағамы 0,47 теңгеге қымбаттап, 455,86 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 455,40 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, елорданың айырбастау орындарында доллар:
- сатып алу – 454 теңге;
- сату – 461 теңге.
Еуро 524-534 теңге, рубль 5,10-5,30 теңге аралығында айырбасталады.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 456,26 теңгеден сатып алынып, 458,30 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағасы 528,95-534,15 теңге, ал рубль 5,15-5,27 теңге аралығында.