Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді.
Сауда-саттық нәтижесінде АҚШ долларының орташа бағамы 3,82 теңгеге арзандап, 458,23 теңге болды. Ал Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы 462,22 теңге деңгейінде белгіленген.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы айырбастау орындарында доллар 457 теңгеден сатып алынып, 464 теңгеден сатылып жатыр.
Елордадағы басқа валюталардың бағамы:
- еуро – сатып алу 530 теңге, сату 540 теңге;
- рубль – сатып алу 5,30 теңге, сату 5,60 теңге.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар орта есеппен 456,61 теңгеден сатып алынып, 458,97 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 532,21-537,62 теңге аралығында, ал рубль 5,31-5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.