Дизель бағасы өткен жылы 50 пайызға жуық қымбаттады

Ал жыл соңында жанар-жағармай бағасы бірден 23%-ға артты.

Energyprom.kz мәліметінше, 2021 жылы жанар-жағармай бағасы ерекше артқан үш өңір келесілер:

  • Батыс Қазақстан облысы – 28,2%
  • Ақмола облысы – 26,3%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 26,2%.

Отын түрлерін жеке-жеке алып қарағанда бензин бағасы жыл ішінде 19,6%-ға көтерілсе, оның ішінде АИ-92 19,4%, АИ-98 20,8%, АИ-95/АИ-96 21,7% қымбаттаған. Ал дизель бағасының өсімі 46,5%-ды құрады. Оның ішінде жазғы дизель бағасы 32,5% өссе, қысқы түрі 62,8%-ға қымбаттаған.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар такси мен отын бағасына қайда шағымдана алады?


Қазақстандағы жеңіл көліктердің басым бөлігі бензин отынымен жүреді. Олардың саны 3,3 миллион немесе елдегі барлық жеңіл көліктердің 88,1% пайызын құрайды. Ал 74,1 мың автокөлік дизель отынын қолданады.

Газбен жүретін көліктердің үлесі – 0,1% немесе 3,9 мың автокөлік. Айта кету керек, 296,6 мың автокөлік аралас отын (бензин, газ, электр) түрін қолданады. 500 машина электр отынымен қозғалады.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары