
Шымкентте мыңға жуық маршрут қозғалысының кестесі әзірленген.
Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарасты "Диспетчерлік қызмет орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020 жылғы 6 наурызда құрылған. Сол уақыттан бері мекеме қаладағы жолаушылар тасымалының инфрақұрылымындағы жаңарту мен күрделі өзгерістерге байланысты қалалық маршрутардың қозғалысының жобалары және жүру сызбалары дайындаумен айналысады.
Қаладағы жол саласындағы ауқымды құрылыстардың масштабын ескере отыра, осы күнге дейін 1000-ға жуық маршрут қозғалысының кестесі әзірленген.
Жалпы, мемлекеттік мекеме кызметінің мәні – шаһардағы қоғамдық көліктерге диспетчерлік қызмет көрсету, кестені сақталуын үздіксіз бақылау және маршруттар бойынша автобустардың және шағын автобустардың қалаларда, қала маңындағы үздіксіз және тұрақты қозғалысың қамтамасыз ету үшін жедел реттеу, сондай-ақ технологиялық процестегі көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалдауды үйлестіру болып табылады.
Аталған мекеменің тағы бір қызметі – диспетчеризация. Диспетчерлік бақылау жұмыстары толық автоматты басқару жүйесі арқылы іске асырылады. Операторлар қоғамдық коліктерде орнатылған GPS-құрылғылар арқылы нақты уақыт режимде үздіксіз берілетін ақпарат арқылы көліктердің бекітілген сызба бойынша жүруін, сызбадан тыс шығуы, GPS-құрылғыларының дұрыс жұмыс жасамауы секілді жағдайларды бақылайды.
Егер автобус жүргізушісі жол ережесін бұзған жағдайда, Диспетчерлік қызмет орталығы тарапынан басқармамен бірлесе қатаң шара қолданылады. Бұл қоғамдық көлік саласыны жолаушыларды тасымалдау қызметін жақсарту мақсатында жасалып жатқан шаралар.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
317
-
0
-
0
-
-
2🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
299
-
0
-
0
-
-
3🌻 "Баж салығын алып тастау керек". Қазақстанда күнбағыс егетін шаруалар мемлекет қолдауына мұқтаж
-
285
-
0
-
1
-
-
4🚘 "Шалғай ауылдарда мүлдем жоқ". Маңғыстаулық жүргізушілер автогаз тапшылығынан үш күннен бері кезекте тұр
-
274
-
0
-
1
-
-
5🏤 5 маусымда "Болашақ" стипендиясына өтінім қабылдау басталады
-
294
-
0
-
6
-
-
6💸 4244 теңге: 1 шілдеден бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін арнайы жәрдемақы мөлшері өседі
-
275
-
0
-
3
-
-
7👨🏻🎓 Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 6,8 мың оқушы "Алтын белгіге" үміткер
-
252
-
0
-
1
-
-
8🎾 Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 3 орынға көтерілді
-
237
-
0
-
11
-
-
9🪖 ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды
-
227
-
0
-
5
-
-
10👥 Түркістан қаласының халқы қашан жарты миллионға жетеді?
-
223
-
0
-
5
-